---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.54.4
alternate:
  - https://browser.yandex.com.tr/help/en/security/antishock.md
  - https://browser.yandex.com.tr/help/kk/security/antishock.md
  - https://browser.yandex.com.tr/help/ru/security/antishock.md
  - https://browser.yandex.com.tr/help/tr/security/antishock.md
  - https://browser.yandex.com.tr/help/uz/security/antishock.md
  - href: kk/security/antishock.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
keywords:
  - Яндексте антишокты қалай өшіруге болады.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://browser.yandex.com.tr/help/kk/llms.txt




# Protect: таңғалдырлық жарнаманы сүзу



_Антишок_ — [Яндекс Браузердің](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) арналған [кеңейтім](https://browser.yandex.com.tr/help/kk/personalization/extension.md), ол алаяқтардың алдау мақсатында қызметтерді ұсынатын жағымсыз видеолары, порнографиялары немесе сайттардың жарнамасы бар баннерлік жарнаманы сүзеді.

## Қандай жарнама сүзіледі? {#what-blocked}

Антишок зарарлы және таңғаларлық баннерлердің келесі түрлерін жатқызады:

- **Эротикалық және порножарнама**
    Эротикалық, порнографиялық суреттері бар немесе «ересектерге арналған қызметтер» ұсынатын сайттардың жарнамасы бар баннерлер. Мұндай жарнама ресурстың негізгі тақырыбына сәйкес келетін сайттардан басқа барлық сайттарда бұғатталады.

- **Агрессиялы және үрейлендіретін жарнама**
    Апаттар мен зорлық-зомбылық құрбандарының анық көрсетілген суреттері, қорқынышты фильмдердегі шошытатын кейіпкерлер, құрттар мен паразиттер, аурулар мен кемшіліктердің көріністері, зақымдалған органдар мен жаралар, артық салмағы бар адамдардың суреттері бар баннерлер. Дененің жыныстық бөліктерінің суреттері мен фотосуреттері. Белгілі адамдардың қайтыс болуы немесе ақырзаманды болжауды қамтитын жарнама.

- **Жалықтыратын және ызаландыратын жарнама**
    Жоғары жиілікпен жыпылықтайтын анимацияланған баннерлер. Бейнероликті басқан кезде немесе жарнаманы жабуға тырысқан кезде пайда болатын жарнамалық терезелер мен қойындылар.

- **SMS алаяқтық жарнамасы**
    [SMS алаяқтықпен](https://browser.yandex.com.tr/help/kk/security/sms-fraud.md) байланысты сайттардың жарнамасы бар және әлеуметтік желілерден келген хабарламаларды имитациялайтын баннерлер. Лотереяда ұтысқа уәде беретін баннерлер, сайттың мерейтойлық келушісіне сыйлық, жеке деректердің құпиясыздандырылған қорына қол жеткізу немесе одан сіз туралы ақпаратты жою мүмкіндігі, болжамдар және т. б.

- **Күмәнді баннерлер**
    Браузер интерфейсінің терезелерін және басқа элементтерді имитациялайтын баннерлер. Компьютерді зарарлау немесе бағдарламаларды жаңарту туралы жалған хабарламалар. Оның тәсілін көрсетпестен жоғары табыс уәделері бар баннерлер. Дәрі-дәрмектерді, емдеу әдісін немесе клиниканы көрсетпестен ауруларды емдеу, жасарту немесе арықтаудың күмәнді жарнамасы. Атақтылардың диеталарын жарнамалайтын баннерлер, әсіресе, олар ар-намысты қорлайтын болса.


Егер жарнамалық баннер таңғаларлық емес, бірақ таңғаларлық мазмұны бар бетке алып барса, Антишок оны зиянды деп санайды және жарнама көзін бұғаттайды.


## Нақты сайтта Антишокты өшіру {#off-for-site}

1. Жарнамаға рұқсат еткіңіз келетін сайтты ашыңыз.
1. Мәтінмән мәзірінен **Осы сайтта Антишок пайдаланбау** тармағын таңдаңыз.


## Барлық сайттарда Антишокты өшіру {#off-for-all-sites}


{% list tabs %}

- Protect тақтасында


  1. [Ақылды жолда](*smart-link) [қосылым мәртебесі](https://browser.yandex.com.tr/help/kk/security/protect-panel.md#icons) белгішесін басыңыз.
  1. Ашылған терезеде **Жалпы қауіпсіздік баптаулары** бөлімінде **Адам шошитын немесе жағымсыз кескіндері бар жарнаманы бұғаттау** опциясын қосыңыз немесе өшіріңіз.

  ![](../_image/antishok-2.png)

- Кеңейтім бетінде


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

  1. **Желідегі қауіпсіздік** тобын таңдаңыз.
  1. **Антишок** кеңейтімін өшіріңіз.

  ![](../_image/antishok.png)

- Баптауларда


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.

  1. **Жарнаманы бұғаттау** бөлімінде **Шошытарлық жарнаманы бұғаттау** опциясын өшіріңіз.

  ![](../_image/block-ad.png)

{% endlist %}

#### Толығырақ біліңіз

- [Антишок кеңейтімі туралы сұрақтар](https://browser.yandex.com.tr/help/kk/troubleshooting/extension.md#antishock)



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->

[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.